Ескермесова Мадина Асилхановна
Әлеуметтік педагог
Мен, Ескермесова Мадина Асилхановна, 1977 жылдың 27 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы, Көлтоған ауылында дүниеге келдім. Әкем – Ескермесов Асылхан, зейнеткер. Анам – Ескермесова, зейнеткер.

1983 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1993 жылы жалпы орта білімді аяқтадым.
1993–1994 жылдар аралығында торабтық ауруханада санитарка қызметін атқардым.
1994 жылы Ильич Мақтаарал ауданының техникумына түсіп, 1997 жылы «Есепші» мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
2002 жылы Арыс қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 2009 жылы «Педагогика-психология» мамандығы бойынша толық курсты аяқтадым.
2011–2012 жылдары мамандығым бойынша психолог қызметіне уақытша ауыстырылдым.
2016–2019 жылдары іс жүргізуші қызметін атқардым.
2019–2023 жылдары психолог болып жұмыс істедім.
2024 жылдан бастап осы мектепте әлеуметтік педагог қызметін атқарудамын.

Отбасылық жағдайым — тұрмыс құрғанмын. Күйеуім С. Нүркешов – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Бір қызым, үш ұлым бар.