Сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, бізге жазыңыз
Егер сізде сұрақтар немесе ұсыныстар болса, осы форма арқылы бізге жазыңыз. Біз міндетті түрде жауап береміз.
Мектеп тарихы
«М. Әуезов атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Мектеп өз тарихын 1954 жылы темір жолға қарасты 460 орындық №21 Ә. Жангелдин атындағы қазақ орта мектебі ретінде бастаған.
Даму кезеңдері
1954–1996 жж.
1954 жылы №21 Ә. Жангелдин атындағы қазақ орта мектебі болып ашылды.
1996 жыл
Қыркүйек айында мектеп №1 қазақ орта мектебі ретінде қайта құрылды. Сол жылдың өзінде оқу орны М. Әуезов атындағы жалпы орта мектеп болып аталды.
Мектеп директоры: Жангирова Күлшә Қаратайқызы (1996–2006 жж.).
2000–2002 жж.
2000–2001 оқу жылында мектеп эксперимент алаңы ретінде жұмыс жүргізді. 2002 жылдың 26 желтоқсанында мектепке көпсалалы гимназия статусы берілді.
2023 жылдың сәуір айынан бастап мектеп-гимназияны Ромашова Бағила Керімбекқызы басқарады.
2023–2024 оқу жылында 200 орындық жаңа қосымша ғимарат салынып, пайдалануға берілді.
Мектеп туралы жалпы мәлімет
Жобалық қуаттылығы: 660 орын
Қазіргі оқушылар саны: 950
Оқыту формасы: 2 ауысым
Оқу кабинеттері: 20
Компьютер кабинеті: 2
Спорт залы: 1
Кітапхана: 1
Интерактивті тақтамен жабдықталған кабинеттер: 7
Барлық компьютерлік бөлмелер интернет желісіне қосылған.
Кабинеттер жетіспеушілігіне байланысты кабинеттік жүйе толық енгізілмеген.
Мектеп пайымы
М. Әуезов атындағы мектеп-гимназия жақын болашақта кез келген салада білімді, өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге және жаңа білімді меңгеруге ұмтылатын тұлғаларды қалыптастыруды көздейді. Барлық қатысушыларға қолайлы, дамуға бағытталған білім беру ортасын құру – негізгі мақсат.
Мектеп мақсаты
Қазақстан мен әлемдік қоғамдастықтың дамуына үлес қоса алатын, рухани құндылықтары жоғары, интеллектуалды, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасайтын қолайлы білім беру ортасын құру.
Мектеп міндеттері
ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес оқушылардың міндетті базалық білімді толық меңгеруін қамтамасыз ету.
Өзін-өзі жетілдіруге және өмір бойы білім алуға бағытталған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаһандану дәуіріне бейім, бәсекеге қабілетті оқушы қалыптастыру.
Инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылығын дамыту.
Оқу-әдістемелік ресурстармен қамтамасыз ету, арнайы бағдарламалар мен дидактикалық материалдар әзірлеу.
Оқушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жетілдіру.
Әр оқушының қабілеті мен мүмкіндігін анықтайтын диагностика жүйесін дамыту.
9 және 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға және мамандық таңдауға дайындау жұмыстарын күшейту.
Ғылыми, жобалық және зерттеу жұмыстарын дамыту, логикалық және интеллектуалдық ойлау формаларын енгізу.
Дарынды оқушыларды қолдау, олардың қабілеттерін дамыту.