Мен,
Абиева Сауле Жасузаққызы, 1975 жылдың 24 шілдесінде Шымкент облысы, Ордабасы ауданы, Ақжол ауылында дүниеге келдім.
Білімім:1981–1992 жылдары Ордабасы ауданындағы «Жамбыл» орта мектебінде оқып, «Күміс» медальмен аяқтадым.
1992–1996 жылдары Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шығыстану факультетінде оқып, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірдім.
Еңбек жолым:1997 жылдан бастап Арыс қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек жолымды бастадым.
2014 жылдан бері осы мектепте директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін.
Біліктілігім мен жетістіктерім:- 2019 жылы «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатын алдым.
- 2022 жылы «Екінші біліктілік санатты басшының орынбасары» санатын алдым.
- 2022 жылы «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы педагогикалық менеджмент» (80 сағат) курсын тәмамдадым.
- 2022 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті кәсіби құзыреттілік» (80 сағат) біліктілікті арттыру курсын аяқтадым.
Отбасы:Отбасылымын. Жолдасым, екі ұлым, бір қызым және төрт немерем бар.