Кәдірберді Роза Бейсенбайқызы
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
Мен, Кәдірберді Роза Бейсенбайқызы, 1971 жылдың 1 қазанында Отырар ауданы, Көксарай ауылында дүниеге келдім.
Білімім:
1978–1988 жылдары М.Әуезов атындағы жалпы орта мектепте оқыдым.
1988–1993 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ қыздар педагогикалық институтының тарих мамандығын тәмамдадым.
Еңбек жолым:
1993–1996 жылдары Арыс қаласындағы №32 Ә.Жангелдин атындағы мектепте тарих пәні мұғалімі қызметін атқардым.
1996 жылдан бастап Арыс қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында еңбек етудемін.
2005 жылы осы мектепке директордың ғылыми-әдістемелік және инновациялық жұмыстары жөніндегі орынбасары болып тағайындалдым.
2014 жылдан бастап мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін.