Мусаева Толкын Акбердиевна
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
Мен, Мусаева Толқын Ақбердіқызы, 1971 жылдың 3 наурызында Шымкент облысы, Арыс қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Ана тілім – қазақ тілі.

Білімім:
1978–1988 жылдары Арыс ауданындағы «Арыс» орта мектебінде орта білім алдым.
1988–1993 жылдары Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық институтында оқып, «Бастауыш сынып мұғалімі және ұлттық мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірдім.

Еңбек жолым:
1993–1995 жылдары Арыс қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істедім.
1995–1996 жылдары Арыс қаласындағы №1 бастауыш мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.
1996 жылдан бастап осы күнге дейін Арыс қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып келемін.

Отбасы:
Отбасылымын. Жолдасым, екі ұлым, екі қызым және екі немерем бар.