Аубакирова Ляззат Турсынбековна
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Мен, Аубакирова Ляззат Тұрсынбекқызы, 1965 жылдың 2 наурызында Арыс қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ, ана тілім – қазақ тілі. Орыс тілінде еркін сөйлеймін.

Білімім:
1982 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институттың «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша оқу бөліміне түсіп, 1989 жылы бітіріп шықтым.

Еңбек жолым:
1989–1996 жылдары Алматы облысы, Қасқелең ауданы, Тұрар елді мекеніндегі Ә.Байсалбаев атындағы жалпы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек еттім.
1992 жылдан бастап осы мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.
1996–1998 жылдары Арыс қалалық білім бөлімінде әдіскер болып жұмыс істедім.
1998 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Арыс қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін.

Отбасы:
Отбасылымын. Жолдасым – Аубакиров Нұркелді Досболұлы, 1964 жылы туған. 1989 жылы некеге тұрдық. Отбасымызда екі қыз және бір ұл тәрбиелеп өсірдік.